• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
16 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №202

205 рет
көрсетілді

2016 жылғы 11 сәуір, Астана, Үкімет Үйі «Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №9, 116-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидаларында: 14-тармақта: 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «7) жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегі) жергілікті қамтудың елу пайыздан аспауға тиіс ең төмен мөлшері;»; 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «9) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті, Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшері қамтылуға тиіс;»; 15-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «8) жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегі) жергілікті қамтудың елу пайыздан аспауға тиіс мөлшері;»; 27-тармақтың 6), 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «6) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегі) жергілікті қамту бойынша міндеттемелер; 7) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті, Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшері;»; 54-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) қызметі (технологиялық процесі) жер қойнауын пайдаланумен байланысты индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес барлау және (немесе) өндіру». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ